420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда орман өртінен 3000-ға жуық адам эвакуацияланды

  • 250
  • UPD: 15:46, 06.08.2020
Францияда орман өртінен 3000-ға жуық адам эвакуацияланды

Францияның оңтүстігінде орман өртеніп, 22 адам жарақат алды, хабарлайды «Хабар 24».

3 мыңға жуық адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Өрт Буш-дю-Рон департаментіндегі Мартиг қаласына жақын жатқан орманнан шыққан. Бірақ желден жалын тез тарап, елді мекендерге қауіп төндірген. Апат аймағында тас жолдар жабылып, бірқатар жазғы демалыс орнынан саяхатшылар теңіз арқылы эвакуацияланды. Тілсіз жаумен күреске 2 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылып, жалынның басым бөлігі өшірілді.

Айта кетейік, Францияның оңтүстігі мен орталығында өткен айдың соңынан аптап ыстық тұр. Кей аймақтарда сынап бағанасы 40 градусқа дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы