423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелесте сауық кешін ұйымдастырушылар су мен электр жарығынсыз қалады

  • 185
  • UPD: 16:10, 06.08.2020
Лос-Анджелесте сауық кешін ұйымдастырушылар су мен электр жарығынсыз қалады

Карантин кезінде тыйым салынған сауық кештерін өткізетін Лос-Анджелес тұрғындарының үйлерінде су мен электр жарығы сөндіріледі.

Бұл туралы қала мэрі Эрик Гарсетти айтты. Ол бұл шара коронавирустың таралуын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Түнгі клубтар мен барлардың жабылғанына қарамастан, үйлерде сауық кештері өткізіліп жүр. Осыған байланысты мен Лос-Анджелестің су және электр жарығы департаментіне сауық кешін өткізген үйлердегі су мен жарықты өшіруге рұқсат беремін», - деді Гарсетти.

Соңғы мәліметтер бойынша, Лос-Анджелесте 197 мыңнан астам коронавирус жағдайы және 4825 өлім тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы