429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ауыл балаларына арналған тың жоба жүзеге асып жатыр

  • 222
  • UPD: 09:52, 07.08.2020

Үндістанда «сөйлейтін мектеп» атты жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шалғайдағы ауыл балаларының білім алуына бағытталған. Елде мектептердің жабық тұрғанына 4 айдан асып кетті. Қалада тұратын балалар онлайн оқу жүйесіне көшкен. Алайда алшақ ауыл тұрғындарында ондай мүмкіндік жоқ. Өйткені шалғайда интернет тұрмақ, кейде тіпті жарық та болмайтын көрінеді. Сондықтан жергілікті коммерциялық емес ұйым «сөйлейтін мектеп» жобасын қолға алған. Олар сабақты алдын ала аудиоға жазған. Бұл жұмыстарға 2 ай кетіпті. Сөйтіп, шалғайдағы ауыл балалары бір жерге жиылып, оларға дыбыс зорайтқышының көмегімен дайын аудио-жазба қосылады. Бүгінде «сөйлейтін мектеп» жобасы 6 ауылда жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта аудио-жазбалар арқылы оқитын бала санын мыңға дейін жеткізу жоспарда бар.  Шраддха

Шрингарпуре, қайырымдылық қорының өкілі:

– Балалардың сабаққа қалай асыққанын көрсеңіздер ғой. Олар қалам, дәптерін алып  келіп, арнайы орындарға отырады. Біз ол орындарды шеңбер ретінде сызып қойдық. Бұл әлеуметтік қашықтықтың сақталуы үшін қажет.

Кавита Чандар, оқушы:

– Біз дыбыс зорайтқыш арқылы аудиожазбаны тыңдаймыз. Ән шырқап, тақпақ айтамыз, ағылшын тіліндегі сөздерді оқып үйренеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы