429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Огайо штатында КВИ-ді жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

  • 192
  • UPD: 07:53, 07.08.2020
АҚШ-тың Огайо штатында КВИ-ді жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

АҚШ-тың Огайо штатында коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда індетті жұқтырған ер адам шіркеуге барып қайтқан. Сөйтіп, онда болған 53 адамда «КОВИД-19» анықталған. Ал олар өз кезегінде вирусты басқа адамдарға жұқтырып, ақырында науқастар саны 90-нан асып кеткен. Негізі, бұл оқиға маусымның ортасында болған екен. Алайда жергілікті билік оны енді ғана жария етіп отыр. Осы ретте штат губернаторы тұрғындарға маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау маңызы туралы тағы да еске салды. Жалпы, осы Огайода расталған оқиғалар саны 96 мың шамасында. Қазір Калифорния мен ФлорИда штаттарының әрқайсында тиісті деректер саны жарты миллионнан асады. Техастағы деректер де 500 мыңдық межеге таяп қалды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы