429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирусқа тест жасату мүмкіндігі артты

  • 174
  • UPD: 08:45, 07.08.2020
Қытайда коронавирусқа тест жасату мүмкіндігі артты

Қытайда соңғы тәулікте тағы 57 азаматтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 20-сында ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады. Жалпы, вирус жұқтыру деректері саны аз болғанына қарамастан, соңғы апталарда Қытай билігі күнделікті тестілеу көлемін мейлінше арттырып келеді. Бүгінде оның саны 4 миллион 840 мыңға жетеді. Тест сынамасы бүкіл ел бойынша 5 мыңға жуық ауруханада алынады. Оған 38 мың маман жұмылдырылған.  Бұдан бөлек, қазір Қытайдың фармацевтикалық компаниялары германиялық әріптестерімен бірлесе жасаған вакцинаны адамдарға сынаудың бірінші кезеңін бастады. Оған Цзянсу провинциясынан 144 ерікті қатысып жатыр. Белгілі болғандай,  сынақтан алдымен 18 бен 55 жас аралығындағы азаматтар өтеді. Кейін 55-тен асқан еріктілер қатысады. Мамандардың айтуынша, әрбір қатысушы араға 21 күн салып, екі екпе қабылдайды. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы