423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия шипажайларында вирустың өршігендігі туралы ақпарат расталмады

  • 219
  • UPD: 08:05, 07.08.2020
Түркия шипажайларында вирустың өршігендігі туралы ақпарат расталмады

«Түркия шипажайларында коронавирусты жұқтыру деректері артып кетті» деген ақпарат шындыққа ұласпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Осыған дейін ақпарат құралдары түрік демалу орындарында індеттің өршіп бара жатқаны жайлы хабарлаған еді. Алайда шындығында деректер саны шипажайларда емес, Анкара, Стамбұл, Диярбақыр мен Газиантеп секілді ірі қалаларда артуда. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Түркияның Жерорта-теңіздік аймағы бойынша статистиканы  келтірді. Ол аймақ құрамына танымал Анталья шипажайы да кіреді. Соңғы аптада мұнда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны артпай, керісінше 70-тен 59-ға дейін азайған екен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы