428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мамандар салынып жатқан жолдардың сапасын тексерді

  • 255
  • UPD: 10:38, 07.08.2020

Оралда «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен жол сапасын қадағалау ұйымы мамандарымен бірлесіп салынып жатқан жолдардың сапасын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда қалада 41 жобасы шеңберінде 55 көше жөнделіп жатыр. Жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын жолды жөндеуге 9,3 миллиард теңге бөлінген. Жыл соңына дейін барлық жолдың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр. Басты мәселе жолдардың сапалы салынуын ұдайы қадағалау қажет. Өйткені жүргізілген мониторинг нәтижелері көңіл көншітпейді.  

Зауырбек Қыпшақбаев, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК БҚО филиалының қызметкері:

– Олқылықтар мына жер төсемесі бойынша. Материалдардың сәйкес келмеуі. Қазіргі таңда мердігерлер түзету жұмыстарын жасап жатыр, бірақ кейбір көшеде өте баяу.

Рустам Ақмырзаев,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:

– Осы 7 айда біз 12 мониторинг жүргіздік. 15 аса кемшіліктер анықталды. Оның  9 бойынша жойылды, 6-ымен жұмыс жасалуда. Өздеріңізге белгілі, Лесозащитная, Матросова, 8 март көшесінің боында бірінде канализациялық люктарды төмен түсіріп жібергені, бір жерде тротуар жоқ болғаны, сосын мына Тасқала – Ақубай трассасының бойында жол сапасының төмен болуына байланысты қазір олар ауыстырып, бәрін жойды.  

 

 

Хабар 24 телеарнасы