426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем бойынша 19 млн-нан астам адам COVID-19 жұқтырған

  • 250
  • UPD: 09:41, 07.08.2020
Әлем бойынша 19 млн-нан астам адам COVID-19 жұқтырған

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19 миллионнан асты. Бұған Worldometers сайтының мәліметтері дәлел.

7 тамыз таңертеңгі деректер бойынша COVID-19 инфекциясының барлығы 19 256 652 жағдайы зертханалық түрде расталған. Індеттен 12 357 308 науқас сауығып, 717 680 адам коронавирустың асқынуынан қайтыс болды.

Жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр (5 032,179 жағдай), одан кейін Бразилия (2 917 562). Үндістан үшінші орында (2 025 409 жағдай).

Хабар 24 телеарнасы