429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция Бейрутке көмектесу үшін бірнеше елден қаржы жинайды

  • 182
  • UPD: 11:15, 07.08.2020

Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанға қол ұшын созуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда ол жойқын жарылыстан зардап шеккен Бейрутке келіп, аймақтағы ахуалды өз көзімен көріп қайтты. Кейін Франция басшысы ел президенті Мишель Аунмен де жүздесті. Кездесу барысында  гуманитарлық көмек үшін қаражат жинау мәселесі бойынша халықаралық конференция жақын арада өтетінін хабарлады. Шараға АҚШ, Таяу Шығыс пен Еуропа елдері қатыспақ. Жиналған ақша азық-түлік, дәрі-дәрмек пен Бейруттегі өзге де шұғыл мұқтаждықтарға жұмсалатынын айтты.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Ливан халқына көмек көрсету мақсатында  әрі өз тілектестігімді білдіру үшін келдім. Жуырда аймаққа гуманитарлық жүк тиелген 3 ұшақ пен құтқарушылар жіберілді. Көп жұмылса көл  демекші, алдағы уақытта да Еуропа елдері мен өзге де мемлекеттер жәрдемдеседі.

 

Хабар 24 телеарнасы