429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook қызметкерлеріне тағы бір жыл қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берді

  • 181
  • UPD: 12:40, 07.08.2020
Facebook қызметкерлеріне тағы бір жыл қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берді

Facebook компаниясы өз қызметкерлеріне коронавирусқа байланысты 2021 жылдың шілдесіне дейін қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берді.

Бұл туралы CNN хабарлады.

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сарапшылардың нұсқаулары мен компания ішіндегі кеңестерден кейін қызметкерлерімізге 2021 жылдың шілдесіне дейін қашықтықтан жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылдадық», - деді Facebook өкілі Нека Норвиль.

Норвиль компания қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге қажетті техникалар үшін әрқайсысына 1000 доллардан беретіні туралы да айтып өтті.

Дәл осындай шешімді бұған дейін Google және Twitter де қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы