424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда 400 тәліптің тағдыры ақсақалдар кеңесінде шешіледі

  • 292
  • UPD: 15:33, 07.08.2020

Ауғанстанда ақсақалдар кеңесі өтіп, онда 400 тәліптің тағдыры шешіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін телевизиялық үндеуі кезінде ел президенті Ашраф Гани АҚШ пен Талибанның ақпандағы келісіміне сәйкес сұралған 5 мың тәліптің 4 мың 600-ы босатылғанын мәлімдеген. Ауғанстан президенті қалған 400 тәліпті босатуға құзыреті жетпейтінін, олардың қылмысы аса ауыр саналатынын айтқан еді. Сондай-ақ, ол Талибанды бейбітшілік келіссөздеріне мейлінше тез араласуға шақырды. Тәліптер өз кезегінде, ұстаған мың тұтқынды босатты, ал АҚШ пен НАТО келісімге сәйкес әскерлерді шығаруды бастады. Ақсақалдар кеңесіне 3 мың 200 адам жиналмақ, олар: ел ақсақалдары мен саяси лидерлер, мұндай жиын былтыр да өткен. Ал елдің денсаулық сақтау министрлігі болса,елдегі эпидемиологиялық ахуалға алаңдап отыр.

Джавад Османи, Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі:

– Халықтың 31,5% коронавирус жұқтырған. Бұл 10 млн тұрғын деген сөз. Қалаларда вирусты жұқтырғандар көрсеткіші 37%, ал ауылдық жерлерде 27 процент.

 

Хабар 24 телеарнасы