424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбіт күнде бүлінген Бейрут…

  • 241
  • UPD: 16:22, 07.08.2020
Бейбіт күнде бүлінген Бейрут…

4-інші тамыз күнгі жойқын жарылыстан кейінгі Бейруттің бейнесін видеограф әрі ұшқыш Бадер Хеляль дронмен түсіріп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктен түсірілген бейне ешкімді бей-жай қалдырмайды. Ал кейбірі қаланың бүгінгі келбетін Ливандағы азамат соғысының суреттерімен салыстырып та жатыр. Ол кезде мұсылман және христиан топтары арасындағы қақтығыстан қаланың көп бөлігі қираған еді. Осыдан үш күн бұрын болған жарылыстан 140-тан астам адам қаза тапты. Бұл деректер түпкілікті емес, себебі қирандылардың астында адамдардың денесі жатуы мүмкін. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. 300 мың тұрғын баспанасыз қалды. Қоймалар мен порттың  инфрақұрылымы толығымен жойылған. Ливан билігі өз күштерімен жедел және ашық тергеу жүргізуге уәде етіп отыр. Ел азаматтарның дені болған жағдайды билік басындағылардың біліксіздігінен көреді.

Хабар 24 телеарнасы