423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар саны артты

  • 387
  • UPD: 17:49, 07.08.2020
Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар саны артты

Ливан астанасы Бейруттегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті.

Бұл туралы Sky News Arabia хабарлады.

Бұған дейін 149 адам қайтыс болып, 5 мыңнан астам адамның жараланғаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлердің, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы. Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз.

Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы