426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда 33 мың халқы бар қала карантинге жабылды

  • 219
  • UPD: 18:14, 07.08.2020
Испанияда 33 мың халқы бар қала карантинге жабылды

Испаниядағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады, хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте билік қатаң карантин енгізуде. Мәселен, бүгіннен бастап елдің солтүстігіндегі Аранда-де-Дуэро қаласы жабылады. Шаһар халқы 33 мыңға жуықтайды. Енді тұрғындар өзге өңірлерге тек жұмыс бабымен не дәрігерге бару үшін ғана шыға алады. Мұнда соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың 230 жаңа дерегі тіркелген екен. Науқастардың дені отбасылық отырыстар және достарымен кездесулер өткізіп, індетті сол кезде жұқтырса керек. Қала әзірге 14 күн жабық болмақ. Алайда, эпидемиологиялық ахуал жақсармаса, бұл мерзім тағы да ұзартылуы мүмкін. Мұнымен қоса, шаһардағы қоғамдық тамақтану орындарының қызметі шектеледі. Одан бөлек, тұрғындарға бір жерде 10-нан артық жиылуға тыйым салынады. Биліктің шешімі жергілікті кәсіпкерлердің көңіліне қаяу түсірді. Өйткені әдетте тамыз айы шаһарға өзге өңірден қонақтар көп келетін айлардың бірі саналады.

Хабар 24 телеарнасы