Коронавируске қарсы вакцина дайын болса да, АҚШ тұрғындарының үштен бірі екпе жасатуға қарсы екендерін айтты. Гэллап институтының жүргізген сауалнамасының қорытындысы осындай.
Жалпы әлемде коронавируске қарсы 200-ден астам вакцина дайындалып жатыр. Солардың тек алтысы ғана клиникалық сынақтың екінші және үшінші кезеңіне жеткен. Ал келесі аптада, дәлірек айтсақ, 12 тамызда ресейлік вакцина әлемде бірінші болып тіркеуден өтпек. Ол ең алдымен медициналық қызметкерлер мен егде жастағы тұрғындарға салынады деп күтілуде.