429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

  • 318
  • UPD: 09:47, 08.08.2020
Үндістанда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

Air India Express авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Үндістанның оңтүстігінде орналасқан Кожикоде қаласының әуежайында апатқа ұшырады.

Бортында 191 жолаушы болған. Соңғы деректерге сүйенсек, жиырма адам қайтыс болған. Екі ұшқыштың көз жұмғаны жайында да хабарланды. 120 жолаушы әртүрлі жарақат алған. Ұшақ қатты нөсер кезінде қонғаны жайында ақпар бар. Боинг ұшу алаңынан шығып барып, қаққа бөлінген секілді. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мамандар оқиғаға ауа райы әсер етті деген пікір ұстануда. Анық қанығын тергеу, тексеру амалдары анықтайды.

Үндістанда әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Хабар 24 телеарнасы