426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус кесірінен террористердің қатарына адам арбау артып барады

  • 241
  • UPD: 10:05, 08.08.2020
Коронавирус кесірінен террористердің қатарына адам арбау артып барады

БҰҰ коронавирус өршіп тұрған сәтте ауруханалар мен денсаулық сақтау жүйесіне жасалатын шабуылдардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы.

Соңғы айларда алаяқ сайттар саны өткен жылмен салыстырғанда 350 процентке артып кеткен екен. Мұндай статистика БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің видеобайланыс арқылы өткен отырысында келтірілді. Жиын қатысушылары сондай-ақ лаңкестердің коронавирус салдарынан туындаған қиындықтарды пайдаланып, содырларды арбау жүргізіліп жатқаны үшін де алаңдаулы.

Айтуларынша, қазір қару мен әскери техниканың заңсыз саудасы, жалған құжаттарды қолдан жасау, кісі және көлік ұрлау, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру және есірткі саудасы секілді қылмыс түрлері өршіп тұр. 

Владимир Воронков, БҰҰ Бас хатшысының лаңкестікпен күрес жөніндегі орынбасары:

- Лаңкестер КОВИД-19 кесірінен туындаған экономикалық қиындықтарды пайдаланып, қоғамда үрей мен өшпенділік туғызу үшін барын салуда. Сондықтан содырлар мен қылмыстық топтардың жолын кесуіміз керек. Қазіргі жағдайда ұжымдық іс-әрекет пен халықаралық ынтымақтастық ауадай қажет.

Хабар 24 телеарнасы