426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия оба індеті кезіндегі дәстүрін жаңғыртты

  • 283
  • UPD: 10:57, 08.08.2020
Италия оба індеті кезіндегі дәстүрін жаңғыртты

Коронавирус кесірінен италиялықтар ортағасырлық дәстүрді қайта жаңғыртты. Әңгіме «шарап терезелері» жайлы.

XVII ғасырда Флоренцияның ауқатты тұрғындары бұл терезелер арқылы артылған шарапты жұмысшыларға сатып отырған. 1630 жылдары Италияда оба өршіп кеткенде, оларды саудагерлер пайдаланған. Яғни терезеден тауарды беріп, ақшаны металл ыдыс арқылы қабылдаған. Кейіннен ол ыдысты залалсыздандырып отырған. Бұл ауруды жұқтырып алмау үшін жасалған.

Кейін 1966 жылғы алапат су тасқынынан кейін ғимараттардың біразы бүлініп, бұл терезелерді ешкім қолданбайтын болған. Енді коронавирус өршіп тұрған кезде дәстүр қайта жаңғыртыла бастады. Қазір итальяндар «шарап терезелері» арқылы сусындар мен балмұздақ сататын болды.

Хабар 24 телеарнасы