431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда мэр қазына тауып алды

  • 253
Италияда мэр қазына тауып алды

Италияның Марино қаласында күтпеген жерден қазына табылды. Әңгіме 50 алтын құймасы жайлы.

1990 жылы Италия футболдан әлем чемпионатын қабылдаған. Жергілікті құрама Рим іргесіндегі осы Марино қаласында жаттыққан екен. Осыған орай, шаһардың сол кездегі басшысы 750 сынамалы 50 алтын құймасына тапсырыс берген. Мэр салтанатты рәсім өткізіп, оны құраманың ойыншылары, жаттықтырушылары мен техникалық мамандарына тапсырмақ болған. Алайда команда бапкері футболшылардың уақыты жоқ екенін айтып, бұл шараға қатыспаған. Сөйтіп, құнды сыйлықтар жергілікті банктің арнайы сейфте сақталып келген. Жасы қазір 85-ке келген бұрынғы мэр бұл жайлы таяуда жергілікті газетке берген сұхбатында айтып қалған. Сөйтіп, оны оқып алған қазіргі қала басшысы банкке барып, алтын құймаларды тауып алған. Енді ол қазынаның тағдыры белгісіз. Қыркүйекте осы мәселеге қатысты қалалық референдум өтеді. Оның қорытындысы бойынша құймалар спортшыларға тапсырылады немесе сатып, түскен ақша қаланың инфрақұрылымын жақсартуға жаратылмақ.

Хабар 24 телеарнасы