429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда апатқа ұшыраған лайнердің қара жәшігі табылды

  • 249
  • UPD: 15:14, 08.08.2020
Үндістанда апатқа ұшыраған лайнердің қара жәшігі табылды

Үндістанның Кожикоде қаласында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды. Қазір оны тергеу тобы зерттеп жатыр.

Айта кетейік, кеше «Эйр Индия Экспресс» әуе компаниясының ұшағы жерге қонарда апатқа ұшырады.

Оқиға кезінде бортта 191 адам болған.

Соңғы деректерге сүйенсек, жиырма адам қайтыс болды. Оның арасында екі ұшқыш та бар. 120 жолаушы түрлі жарақат алған.

Ұшақ қатты нөсер кезінде қонғаны жайында ақпарат тарады. Ол ұшу алаңынан шығып кетіп, қаққа бөлінген секілді. Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мамандар «оқиғаға ауа райы себеп болды» деген болжам айтты. Анық-қанығын тергеу амалдары анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы