429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда ыстықтан сая іздегендер бассейн жалдады

  • 187
  • UPD: 15:16, 08.08.2020
Испанияда ыстықтан сая іздегендер бассейн жалдады

Тамыздың ыстығы Испания тұрғындарын титықтатты. Елде ауа температурасы 40 градусқа көтерілген. Жұрт судан сая табуға асық.

Алайда коронавирус кесірінен испандар жағажайға бара алмай отыр. Себебі вирус жұқтыру қаупі тым жоғары. Сондықтан тұрғындар жаппай жеке бассейндерді жалға ала бастаған.

Айта кетейік, Испанияда коронавирустың таралуы қарқыны әлі де қатты. Мұнда өткен тәулікте 1800 адамнан қауіпті инфекция табылған.

Хабар 24 телеарнасы