428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

  • 233
  • UPD: 09:44, 09.08.2020
Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

Коронавирус Бразилияда әлі өршіп тұр, хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі Денсаулық сақтау министрлігі келтірген деректерге сүйенсек, өткен тәулікте 50 мыңдай адам қауіпті вирус жұқтырыпты.

Егер естеріңізде болса, 23 шілде күні 67 мың тұрғыннан коронавирус табылғаны хабарланып еді. АҚШ-ты ғана алдына салған Бразилия COVID-19 жұқтырған мемлекеттер кестесінде екінші тұр. Жергілікті халық індетті ауыздықтамаған билікті де аяусыз сынап келеді. Өзге емес, Бразилия президентінің өзі де ауырып қалғанын ескерсек, жағдайдың соншалықты көңіл көншітпейтінін ұғуға негіз табылар.

Хабар 24 телеарнасы