428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада карантин режимі күшейтілді

  • 247
  • UPD: 12:17, 09.08.2020
Кубада карантин режимі күшейтілді

Кубада коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты карантин режимі күшейтіліп, бірқатар шектеулер енгізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы деректер сәйкес, елде бір тәулік ішінде 50-ден астам адамнан қауіпті инфекция табылған. Бұл бір айдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Оның 43-і ел астанасы Гаванада тіркелген. Осыған байланысты енді тұрғындардың кафе-барларға баруына шектеу қойылады.

Айта кетейік, өткен күнгі мәлімет бойынша Кубада осы уақытқа дейін 3 мыңдай кісіден вирус анықталған. Тағы 80 азамат қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы