428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда су тасқыны салдарынан 3000 адам эвакуацияланды

  • 185
  • UPD: 12:32, 09.08.2020
Оңтүстік Кореяда су тасқыны салдарынан 3000 адам эвакуацияланды

Оңтүстік Кореяда су тасқыны салдарынан 3 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің айтуынша, Сомджин өзені арнасынан тасып, жағалауға жақын маңды су шайып кеткен.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда бір жарым айдан бері жауын-шашын толастамай тұр. Осы уақытта жиырмадан астам азамат көз жұмды. Он шақты кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Елдегі ахуалға байланысты қазір барлық аудандарда лай көшкіні қаупінің ең жоғарғы деңгейі жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы