429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте президенттік сайлау өтіп жатыр

  • 251
  • UPD: 12:38, 09.08.2020
Беларусьте президенттік сайлау өтіп жатыр

Бүгін Беларусьте президенттік сайлау өтіп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары мемлекеттік қызметке 5 кандидат тіркелді. Басты үміткерлер қатарында елдің қазіргі президенті Александр Лукашенко мен оппозициялық кандидат Светлана Тихановская.

Айта кетейік, бұл жолғы сайлауалды науқаны барысында Беларусьте жаппай шерулер өтті. Ал, кеше Минск орталығына әскери техника тартылды. Бірқатар телеграм-каналдың мәліметінше, ел астанасына 20 мыңдай әскери жұмылдырылыпты. Өз кезегінде, үміткерлер отандастарын наразылық акциясын ұйымдастырудан бас тартуға шақырды.

Айта кетейік, Беларусьте тұрғындардың дауыс беруі үшін 6 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылған, оның 44-і шетелдерде орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы