Бангладеште толассыз жауын-шашын су тасқынына ұласып, 161 адам мерт болды, хабарлайды «Хабар 24».
5 миллионнан астам азамат зардап шеккен. 80 мың гектардан астам егістік алқаптарын су шайып кеткен. Тасқын су әсіресе, елдің Шринагар қаласына қатты тиді. Мұнда мыңдаған адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр. Тұрғындар қала көшелерінде қайықпен қатынап, малды қауіпсіз жерге көшіруге тырысуда. Ел билігінің айтуынша, мұндай тасқын Бангладеште соңғы 20 жылда болмаған.