423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

  • 213
  • UPD: 14:50, 09.08.2020
Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді фото: runews24.ru

Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан «Сварна палас» қонақ үйі өртенді.

Қайғылы оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті NDTV телеарнасы. Өрт Андхра-Прадеш штатындағы Виджаявада қаласында болды.

Тілсіз жаудың кесірінен науқастардың үрейі қашып, кейбіреулері ғимараттың терезелерінен секіре бастаған. Ғимаратта барлығы 22 науқас болған.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт қысқа тұйықталудан болған.

 

Хабар 24 телеарнасы