432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьтегі президент сайлауына бес үміткер қатысып жатыр

  • 242
  • UPD: 17:35, 09.08.2020
Беларусьтегі президент сайлауына бес үміткер қатысып жатыр

Бүгін Беларусьте президент сайлауы өтуде. Дауыс берушілер үшін ел бойынша 5 мың 800-дей сайлау учаскесі ашылған, оның 44-і шет елдерде орналасқан.

Сайлаушылар таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады. Саяси тартысқа 5 үміткер түсіп жатыр. Олар қазіргі президент Александр Лукашенко, оппозициялық үміткер Светлана Тихановская, Анна Конопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.

Естеріңізде болса, тамыздың 4-і мен 8-і аралығы ел тұрғындарына мерзімінен дауыс беру мүмкіндігі берілді. Оған түрлі себептерге байланысты сайлау күні дауыс бере алмайтын азаматтар қатысты.

Орталық сайлау комитетінің дерегінше, осы уақыт аралығында сайлауға рекордтық қатысу көрсеткіші тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы