428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия індет құрсауынан шыға алмай отыр

  • 226
  • UPD: 19:56, 09.08.2020
Бразилия індет құрсауынан шыға алмай отыр

Бразилияда коронавирус індеті өршіп тұр. Елде вирус жұқтырғандар қатары 3 миллионнан асып кетті.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Өткен тәулікте мұнда 50 мыңға жуық азаматтың қауіпті инфекция жұқтырғаны анықталды. 905 кісі көз жұмды. Осылайша кеселден қайтыс болғандардың жалпы саны 100 мыңнан асты.

Айта кетейік, бүгінде Бразилия ауру жұқтырғандар және одан қайтыс болғандар бойынша әлемде екінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы