428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

  • 204
  • UPD: 11:51, 10.08.2020

Польша елінде Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген пошта маркасы айналымға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. Арнайы марка 135 мың дана болып шығарылған және жергілікті халықтың ықыласына бөленіпте үлгеріпті. Атап өткен жөн, пошта маркасының құны 3 злотый, теңгеге шаққанда 350 теңге шамасында.

Виталий Хмелевский, «Полония» Польша мәдени бірлестігінің төрағасы:

– Қазақ елінің танымал тұлғалары Польша елінде қашанда зор қызығушылық тудырады. Осыған дейін Қазақстанда ЭКСПО көрмесі болған кезде де осындай марка шығарылған. Бұдан бөлек, осы елдің тәуелсіздік күні қарсаңында да осындай марка шыққан еді.  Менің ойымша, бұл белгілі бір дәрежеде мәдени бірлестік пен достықты нығайтуға ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы