423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейруттен берекет кетті

  • 250
  • UPD: 11:35, 10.08.2020
Бейруттен берекет кетті

Ливан астанасы Бейрутте де ашынған халықтың ереуілі басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акция тәртіпсіздікке ұласуда. Жиналғандарды тарату үшін полиция көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданған. Парламент ғимаратының алдында жиналғандар ел президенті мен премьер-министрдің отставкаға кетуін әрі аймақта мерзімнен бұрын сайлау өткізіп, портта болған жарылысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді  талап етеді.  Айта кетейік, жуырда елдегі  ушыққан жағдайдан кейін бірнеше министр орнын босатқан еді. Наразылық акциясында қамалғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Еске салайық, кемежайдағы жарылыстан кейін 150-ден астам адам қаза тапты. 5 мыңға жуық тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Ал жоғалғандарды  іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы