423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда халық ереуілге шықты

  • 139
  • UPD: 12:57, 10.08.2020

Испанияның бірнеше қаласында халық ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акция өткен аптада жемқорлық фактісімен тергеле бастаған Испанияның бұрынғы монархы Хуан Карлостың елден кетуіне байланысты ұйымдастырылды. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Валенсия қаласындағы акцияға шамамен 100 республикашылдар жиналған, енді жақын арада мұндай іс-шара Майоркада да ұйымдастырылмақ. Жиналған жұрт монархиялық билік жүйесіне қарсылығын білдіріп, үкіметтен жемқорлыққа барған бұрынғы монарх заң жүзінде жауапқа тартылу керек деген талап қойды.  Болжам бойынша, қазір Хуан Карлос Бірікке Араб Әмірліктерінде жүр.

Айта кетейік,  2014 жылы отставкаға кеткен 82 жастағы  монарх таяуда өз ұлының билік етуіне кедергі жасамау үшін Испаниядан тыс жерде тұратынын мәлімдеген болатын. Оның нақты қай мемлекетке қоныс аударғаны әзірге белгісіз.

Моника Рамос, мұғалім:

– Жемқорлық жасап отырған биліктегі адамдар заң алдында жауапқа тартылу керек. Полиция бізді жан-жақтан жауып тастады. Халық өз пікірін айтуға шыға алмай отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы