423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Амазонкадағы өрт өршіп барады

  • 243
  • UPD: 11:35, 10.08.2020
Амазонкадағы өрт өршіп барады

Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман Амазонкадағы алапат өрт өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыздың алғашқы алты күнінде орманда 5 860 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 процентке көп. Қоршаған ортаны қорғау белсенділері орман өртінің өршуіне ел президенті Жаир Больсонаруды кінәлайды. Ол Амазонкада ауылшаруашылық және тау-кен жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіріп отыр деп айыптайды. Ал Жаир Больсонару болса, бұл қадамдар елді кедейліктен құтқарады деп сенеді. 2019 жылы ауқымды өрттерден кейін Бразилия билігі орманды жоюға қарсы ішінара шаралар қабылдаған, бірақ биыл қабылданған сол шаралары сақталмай отыр. Айта өткен жөн, Амазонка ормандары жаһандық жылынуды баяулататын маңызды көміртек қоймасы болып саналады. Егер адамзат бұл орманды жоғалтса, климаттың өзгеруі жеделдеп, бүкіл планетадағы экожүйелердің жойылуына әкеп соғады. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы