426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда нөсер жаңбыр алты адамның өмірін қиды

  • 123
  • UPD: 12:12, 10.08.2020
Грекияда нөсер жаңбыр алты адамның өмірін қиды

Грекияның Эвия аралында қатты нөсер жауып, бірнеше адам қаза тапты.

Жергілікті Antenna телеарнасының хабарлауынша, нөсер салдарынан 6 адам көз жұмған.

Табиғи апаттан өзендер арнасынан тасып, кейбір ауылдардағы үйлерді су басқан.

Құрбан болғандардың үшеуі, соның ішінде сегіз айлық сәби Политика ауылынан, ал тағы үш адамның денесі Амфитея ауылынан және Бурдзи аймағынан табылды.

Сондай-ақ тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Хабар 24 телеарнасы