426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулдағы базарда жарылыс болды

  • 179
  • UPD: 14:01, 10.08.2020

Ауғанстан астанасындағы базардың бірінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 5 полицей жарақат алды. Мәліметке қарағанда, жарылғыш зат салынған көлік атылған. Куәгерлердің айтуынша, полиция көлікте жасырылған бомбаны байқап қалып, көп адам шығынына жол бермеді. Әзірге лаңкестік әрекетті жүзеге асырғандар белгісіз. Содырлар іздестіріліп жатыр.

Мұхаммед Хаким, жергілікті тұрғын:

– Жарылыс жолдың екінші жағында болды. Полицейлер көлікте бомбаның барын сезіп қойып, оны залаласыздандыруға тырысқан еді. Бірақ 5 адам жарақат алып, 2 әйел қаза тапты.

Ал «Талибан» радикалды қозғалысы жалпы ауған кеңесінің түрмелерден 400 тәліпті босату туралы шешімін қолдап, ресми Кабулмен жуық арада бейбіт келіссөз бастайтынын жеткізді. Бірақ қарулы топ атысты тоқтату мәселесі бөлек талқылануы тиіс дегенді айтады.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Қатарда бейбіт келісімге қол қойып, Вашингтон 14 айдың ішінде ауған жерінен әскерін шығаруға келіскен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы