425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда дауылдан 7 адам мерт болды

  • 243
Грекияда дауылдан 7 адам мерт болды

Грекияның Эвбея аралында ойран салған дауылдан 7 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында 2 егде жастағы адам мен 8 айлық нәресте бар.  Ақпарат көздері тағы бір адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлайды. Қазір табиғаттың тосын мінезінен ондаған тұрғын өз үйлері мен көліктерінде қамалып қалған. Аймақта қатты желмен бірге су тасқыны басталды. Мамандар судың деңгейі 30 см-ге көтерілгенін айтады. Ондаған баспана, мейрамханалар мен өзге де ғимараттар су астында қалды. Аймақта найзағайдың салдарынан бірнеше ғимаратта өрт шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 50-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Жергілікті билік тұрғындарды сақ болып, сыртқа шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы