426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда лай көшкінінен ондаған адам опат болды

  • 153
Үндістанда лай көшкінінен ондаған адам опат болды

Үндістанның Керала қаласындағы лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 43-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта бірнеше күн қатарымен жауған жауын көшкінге ұласты. Табиғат апатынан өңірдегі шай өсіру плантациялар жарамсыз күйге айналды. Ондаған тұрғын үйлерінде қамалып қалды.  Аймақта құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жергілікті билік табиғат апатынан мерт болғандардың саны  тағы өсуі мүмкін дейді. Көшкіннен зардап шеккен қауіпті аудандарды елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі аралап Индукки округінде қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Мәселен, метеоролог мамандар бұл аймақта бірнеше күн бойы жауын жауады деп болжап отыр.

Хабар 24 телеарнасы