422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда эпидемиологиялық жағдай ушығып барады

  • 244
  • UPD: 15:25, 10.08.2020
Австралияда эпидемиологиялық жағдай ушығып барады

Австралияда коронавирус індетінің дендеуі әлі де басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Виктория штатындағы жағдай күрделі. Ақпарат көздері Мельбурн қаласында «Ковид-19-дан» бір тәулікте 19 адам көз жұмғанын хабарлайды. Бұл – пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Тағы 300-ден астам науқас тіркелген. Еске салайық, жуырда Австралия билігі аймақта қатаң шектеу шараларын енгізген болатын. Салдарынан аймақтағы  қала аралық шекаралар жабылды. Мельбурн қаласы шілде айының басынан бері карантинде. Жергілікті тұрғындар күніне бір рет қана сырқа шыға алады. Індеттен ел экономикасы да зардап шегуде. Көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырап жабылып жатыр. Бұған қарамастан штат премьер-министрі карантиннің аяқталатын нақты мерзімін айтқан жоқ. Әзірге шектеу шаралары қыркүйек айының 13-іне дейін ғана бекітілді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы