432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

  • 272
  • UPD: 17:43, 10.08.2020

Қытай астанасы Бейжің де Абай күні мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чаоян саябағындағы қазақтың бас ақынының мүсініне гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында оның өлеңдері мен қара сөздерінің жинағы қытай тіліне аударылып жатыр. Қазақ ойшылының шығармаларын біздің отандасымыз, Қытай жазушылар одағының мүшесі Әкбар Мәжітұлы аударған. Бастамашы –  Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы. Екі томдық бірнеше айда жарыққа шығады. Әкбар Мәжітұлы Абайдың мерейтойлық жылын атап өтуге осылайша үлес қосқанына қуанышты екенін айтады.

Әкбар Мәжітұлы, Қытай жазушылар одағының мүшесі:

– Биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы келе жатыр. Осы күнге орай 148 өлеңін қытай тіліне аудардым. Осыдан 25 жыл бұрын 1995 жылы Абайдың қара сөздерін қытайшаға аударған едім. Енді биыл Абайдың шығармалары Қытайда 2 томдық болып шыққалы жатыр. Қуаныштысы, бұл кітапқа президент Тоқаев алғыссөзін жазған.

 

Хабар 24 телеарнасы