427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вашингтонда атыстан 20 адам жарақат алды

  • 320
Вашингтонда атыстан 20 адам жарақат алды

АҚШ-тың Вашингтон қаласында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 20-дан астам адам зардап шегіп, 17 жастағы жасөспірім мерт болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат бірдің кезінде шаһардың оңтүстік шығысында орын алды. Белгілі болғандай, көшеде 50-ден астам адам жиналған.  Ауыр жарақат алған 9 адам ауруханаға жекізілді. Оқиғаның мән жайын анықтау үшін тергеу ісі басталды.

 

Хабар 24 телеарнасы