427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте наразылық акциясы кезінде бір адам көз жұмды

  • 252
  • UPD: 17:29, 10.08.2020
Беларусьте наразылық акциясы кезінде бір адам көз жұмды

Беларусьте кеше президенттік сайлау өткен еді.

Алдын ала мәлімет бойынша Александр Лукашенко халықтың 80,23% дауысын жинаған. Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская сайлаушылардың 9,9% даусына ие болды. Өзгелері 2%-тен кем дауыс жинады. Сайлау кезінде Беларусьте заңсыз ереуілдер болып, 200-ден аса адам қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті «Весна» құқық қорғау ұйымы хабарлады. Ұсталғандардың дені Минскте. Осы «Весна» ұйымы наразылық акциясы кезінде бір адамның көз жұмғанын жариялады. Жас жігітті арнайы техника қағып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы