426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңдегі оқу орындары күзде ашылады 

  • 187
  • UPD: 19:14, 10.08.2020
Бейжіңдегі оқу орындары күзде ашылады  Orient.tm

Бейжіңдегі оқу орындары күзде қайта ашылады.

Мектептер мен балабақшалар 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өз жұмысын бастайды. 15 тамыздан бастап университеттер оқуын қашан бастайтынын өздері шешеді. Бұл үшін олар білім беру және эпидемиологиялық бақылау органдарынан рұқсат алуы тиіс. Ағарту орталықтарына да жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Еске салып кетсек, Бейжіңдегі оқу орындары сәуір айының соңында ашыла бастаған. Алайда маусым айында қалада COVID-19 індеті өршіп кеткендіктен, оқуды қайта онлайн түріне ауыстырды. 

Хабар 24 телеарнасы