423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж халқы көшеде маска тағуға міндеттелді

  • 147
  • UPD: 11:13, 11.08.2020

Париж жұрты кісі көп жиналатын көшелерде маска тағып жүруге міндеттелді.

Ережеге жасы 11-ден асқан тұрғындар мен қала қонақтары бағынуы тиіс. Кері жағдайда олар 135 еуро көлемінде айыппұл төлейді.

Негізі Францияда маска тағу тәртібі шілденің 20-сында енгізілген еді. Бірақ бұл жабық қоғамдық орындарға ғана қатысты болатын. Ал бетпердені далада тағу-тақпау мәселесін әр аймақ билігі өзі шешуі тиіс еді. Соңғы уақытта Парижде эпидемиологиялық ахуал нашарлап кеткен. Осы ретте мамандар «масканы көшеде де шешпеген дұрыс» деген ұйғарымға келді. Енді жаңа ереже тамыздың соңына дейін күшін жоймайды.

- Меніңше, бұл дұрыс бастама. Адам көп жиналатын жерде вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары. Масканы басқа орындарда да тағып жүрміз ғой. Оны көшеде де шешпесек, түк болмайтын шығар.

- Біз секілді туристер үшін ыңғайсыздау болып тұр. Өйткені қай көшеде маска тағуға болатынын, ал қай көшеде оны шешіп жүре беруге болатынын нақты білмейміз. Тиісті белгілерді де көріп тұрған жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы