432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шара өтті

  • 262
  • UPD: 11:23, 11.08.2020

Қазақстан елшілігінде өткен шара коронавирус індеті басталғалы ашық аспан астында ұйымдастырылған алғашқы мейрам болды. 

Оған түріктің зиялы қауымы мен отандастарымыз және жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, шоқтығы биік ақынның өлеңдерін тыңдап, тарихи суреттерінен құралған фото- көрмені тамашалады. Жиын барысында, «Абай жолы» романы, қара сөздері мен өлеңдерін түрік тіліне аударған ақын әрі жазушы Зафер Кибар,  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Достық» орденімен марапатталды. 

Намык Кемал Зейбек, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі:

- Махаббатпен жаратқан адамзатты,

- Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, осы өлең шумақтары арқылы бір- бірімізге деген сүйіспеншілікке үгіттейді. Оқыған күннен бастап, әрқашан жадымда ұстайтын болдым. Мағынасы өте терең. Абайды- ақын, жазушы, ойшыл деу жеткіліксіз. Ол заманауи әдебиеттің құрушысы, батыс пен орысты білетін, қазақтан шыққан кемеңгер философ.

Хабар 24 телеарнасы