424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде КВИ инфекциясына шалдыққан адам саны 20 миллионнан асты

  • 192
  • UPD: 11:02, 11.08.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты. Бұл Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі. Қауіпті вирус шамамен 730 мыңнан астам адамның өмірін қиған. 12 миллиондай кісі дертінен құлан таза айығып шықты.

 

Мария Ван Керкхов, ДДСҰ өкілі:

- Коронавируспен күресте әрбір адамның мейлінше атсалысқанын қалаймыз.  Үйде отыру керек болса, сонда қалыңыздар. Сыртқа шыққан екенсіз, міндетті түрде маска тағып, сақтық шараларын сақтаңыздар.

Бразилияда бір тәулікте тағы 22 мың адам вирус жұқтырды. Осылайша елдегі науқастардың жалпы саны 3 миллионнан асты. 100 мың адам вирус құрбаны болды. Кеселдің кеңінен етек жайғанына қарамастан, елде кафе-ресторандар жұмыс істеп тұр. Қоғамдық орындарда адамдардың қарасы қалың. Сарапшылардың сөзінше, Бразилияда індет әлі де шарықтау шегіне жетпеген.

Ал Испанияда соңғы бір күнде 1 мың адамнан қауіпті инфекция табылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Испанияда індеттің екінші толқыны басталған. Осыған байланысты билік қайтадан шектеу шараларын енгізе бастады. Мәселен, өткен аптада Аранда-де-Дуэро қалашығы екі аптаға карантинге жабылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін Испания жерінде 300 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Вирустан 30 мыңға жуық кісі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы