430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азаматтарымызды біреу шетелден басқарып отыр – Лукашенко

  • 398
  • UPD: 11:15, 11.08.2020

Беларусьте бүгін түнде өткен ереуіл кезінде бір адам қаза тапты. Елде ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Күштік құрылым өкілдері наразы топты тарату үшін резеңке оқ атып, көз жасаурататын газ қолдануда.

Беларусьте президенттік сайлаудан кейін халық қайтадан қала көшелеріне шықты. Шеруге жиналғандар Минск орталығында баррикада құрған. Осыған байланысты бұл жаққа арнайы жасақ жетіп келді. Кейін дәл сол жерде демонстранттар мен тәртіп сақшылары қақтығысқан. Күштік құрылым өкілдері наразы жұртты тарату үшін резеңке оқ атып, құлақ тұндыратын граната қолданған. Тергеу комитетінің хабарлауынша, қазір жаппай тәртіпсіздік бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. 

Соңы қақтығысқа ұласқан наразылық акциялары Беларусьтің өзге қалаларында да өтті. Салдарынан көптеген демонстрант жараланды. Зардап шеккендер арасында полицейлер де бар. 

Минсктегі тәртіпсіздіктер кезінде Минскіде бір адам қаза тапты. Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, наразылардың бірінің қолында белгісіз жарылғыш зат болған, оны лақтырар кезде жарылып кеткен. 

Сайлаудан бір күн өте мемлекет басшысы Александр Лукашенко  елдегі жаппай ереуілдерге қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, шеруге қатысушылар шетелден басқарылып отыр.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

- Біз оларды айдан анық көрдік. Шетелден түскен қоңырауларды да анықтадық. Олар біздің азаматтарды басқарып отыр. 

Десе де, бүгін түнгі екіде Минскідегі жағдай тұрақталды. Қазір көшелер тым-тырыс. Әзірге шеруден зардап шеккендер мен қамауға алынғандардың нақты саны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы