422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венесуэлада карантинге бағынбағандар полициядан таяқ жейді

  • 249
  • UPD: 15:25, 11.08.2020
Венесуэлада карантинге бағынбағандар полициядан таяқ жейді

Венесуэла полицейлері карантин режимін бұзғандарды қатаң жазалай бастады. Тәртіп сақшылары ережені елемеген азаматтарға күштеп жаттығу жасатып, ұзақ уақыт шыжыған күн астында ұстайды екен. Кейде тіпті ұрып-соғатын көрінеді.

Белсенділердің айтуынша, полицейлер кезекке дұрыс тұрмаған тұрғындарды да қинайды. Өз кезегінде елдің ақпарат министрлігі әзірге осыған қатысты ешқандай пікір білдірмей отыр.

Айта кету керек, Венесуэлада карантин тәртібі наурыз айынан бері жалғасып келеді.

Эдуард Веласкез, жергілікті тұрғын:

- Карантинді бұзғандарды осылай жазалау мүлдем дұрыс емес. Үйден шықсаң болды, бірден полиция ұстап алып, шыжыған күннің астына отырғызып қояды. Біз сыртқа отбасымызды асырау үшін шығамыз. Өйткені үкімет берген азық-түлік мүлдем жетпейді. Үйде отыра берсек балаларымыз аш қалады. Мұны билік түсінбейді.

Хабар 24 телеарнасы