424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ең үлкен «қоқыс аралының» көлемі Францияның жерімен теңесті

  • 860
  • UPD: 16:25, 11.08.2020
Ең үлкен «қоқыс аралының» көлемі Францияның жерімен теңесті

Жер шарындағы ең үлкен «қоқыс аралының» көлемі Францияның жерімен теңеседі.

Бұл туралы мұхит зерттеушісі және қорғаушысы Филипп Кусто айтты, деп жазды РИА Новости.

«Бізде мұхиттың ортасында орналасқан бес үлкен «қоқыс аралы» бар. Олар мұхит ағындарынан пайда болған. Ол жерлерге әлемнің түкпір-түкпірінен пластиктер түседі. Ең үлкен «қоқыс аралы» Тынық мұхитында орналасқан, оның көлемі АҚШ-тың Техас штатынан үлкен, ауданы Франциямен теңеседі», - деді.

Кустоның айтуынша, қоқыс аралдары негізінен пластиктен тұрады.

Хабар 24 телеарнасы