431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейрутте шетелдік құтқарушылар қауіпті зат салынған ыдыстарды тапты

  • 232
  • UPD: 20:04, 11.08.2020

Жойқын жарылыс болған Бейрут портында түрлі химикаттар салынған біраз ыдыс табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды француз және италиялық құтқарушылар анықтады. Мамандардың айтуынша, портта қауіпті химиялық заттар құйылған 20-дан астам контейнер бар. Ыдыстардың кейбіреуі бүлінген. Құтқарушылар жергілікті мамандармен бірге оларды залалсыздандырумен айналысып жатыр. Айта кетейік, қазір Бейрутте 20 елдің 800-ге жуық құтқарушысы мен дәрігері жарылыстың салдарымен күресуге көмектесіп жатыр.

Антони, француз құтқарушы тобының мүшесі:

– Біз порттың аумағын тексере келе, химиялық таңба жапсырылған контейнерлерді таптық. Олардың кейбіреуі бүлінген. Қазір оларды сау ыдыстардан бөліп, шығарып қойдық. Содан кейін қауіпсіз жерге апарылады.

 

Хабар 24 телеарнасы