423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда коронавирусқа вакцинаны сынаудың соңғы кезеңі басталды

  • 261
  • UPD: 08:43, 12.08.2020
Индонезияда коронавирусқа вакцинаны сынаудың соңғы кезеңі басталды

Индонезияда қытайлық компаниямен бірлесіп дайындалған коронавирусқа қарсы вакцинаны сынаудың соңғы, үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

CoronaVac деп аталған екпені клиникалық сынақтан өткізуге 1 мың 600-ге жуық адам қатысады. Шара 6 айға созылады. Егер зерттеу екпенің қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетсе, препаратты қолдануға рұқсат етілмек. Индонезия билігі ай сайын 100 миллион доза вакцина дайындауды көздеп отыр.

Джоко Видодо, Индонезия президенті:

– Егер сынақ сәтті болса, келесі жылдың қаңтар айында вакцинаны шығара бастаймыз деп ойлаймын. Екпе еліміздің барлық тұрғынына қолжетімді болады.

Хабар 24 телеарнасы